Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте аялдамада жоғалған баланы полицей тауып алды

Полиция аялдамада жоғалған жасөспірім баланы тауып, алғыс арқалады.Бұл туралы Qazyr.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Полицияның 102 жедел желісіне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, аялдамаға уақытша қалдыра тұрған 13 жастағы ұлының жоғалып кеткенін жеткізді. Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды.
Тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолы бойынша тексеруді бастады. Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты.
Осылайша жоспарлы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелет жасына толмаған бала трассаның бойынан табылды.
Полицейлердің анықтауы бойынша әкесі мен ұлы Шымкент қаласынан Созақ ауданына көлікпен қыдырып келе жатқан кезде, жасөспірім баласы өзін жайсыз сезінеді.
Денсаулығы сыр берген ұлына дәрі-дәрмек қажет екенін түсінген әкесі ұлын аялдамаға қалдырып, өзі дәріханаға беттейді. Алайда дәріні дер кезінде жеткізгенімен баласын аялдамадан таппай қалады.
Бүгінгі таңда полицияның нәтижелі іздеу жұмыстарының арқасында бала отбасына аман есен табысталды. Ал әкесі сақшыларға шексіз алғысын жеткізді.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: Киікқырған

redaktor_qazyr

Су тасқыны болған жерлерде 3 мыңға жуық мед-қызметкерлер көмек көрсетуде

redaktor_qazyr

Мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты