18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тонна құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.
Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 20 кг синтетикалық есірткі.

Ұқсас жаңалықтар

Төрткөлдегі 9 сынып оқитын оқушы қызды пышақтап өлтірген ауылдастарына үкім шықты

redaktor_qazyr

Президент Тоқаевқа сын айтқан қыз, артынша кешірім сұрады

redaktor_qazyr

Қазақстанда білім алуға 93 мың грант бөлінді: мектептер мен жатақханалар саны артып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz