ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыс елдеріне саяхаттағысы келетін азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qazyr.kz.
“Таяу Шығыс елдеріне туристік мақсатпен баруды жоспарлап жүрген азаматтарымызға айтарымыз: қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, ондай сапарлар туралы жақсылап ойланып, жауапкершілікті өз мойындарыңызға алуларыңызды сұраймыз. Жағдай күрделенсе, эвакуация кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. , — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз конференциясында.
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастады. Тегеран маңындағы кемінде алты әскери нысанға соққы жасалды.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)