Сталиндік жеке билік кезеңі (1924—1953 жж.)
Партиялық басшылықты қайта құру және қуғын-сүргін са ясатының жалғасы. Соғыс аяқталғаннан кейін И. В. Сталиннің билігі жалғасты. Кеңес халқының жеңісі және ерлігі, отансүйгіштігі жоғары бағаланды. И. В. Сталин бұрынғысынша партия және мемлекет басшыларына деген сенімсіздігін жалғастырып, партия басшылығын қайта құруға кірісті. 1945 жылы 5 қыркүйекте Мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) таратылды. Ел бейбіт өмірге көшіп, әскери басшылық бұрынғыша партия иерархиясының қолына берілді. 29 желтоқсанда ВКП(б) саяси бюросының отырысында Л. Берия өз өтінішімен Ішкі істер халық комиссариаты қызметінен босатылып, оның орнына С. Н. Круглов тағайындалды. 1946 жылы наурыз айында соғыстан кейін тұңғыш рет ВКП(б) Орталық комитетінің пленумы болды. И. В. Сталин сөз сөйлеп, жаңа жағдайға байланысты партия және мемлекет басшыларын ауыстыру керектігін айтты. Сталин 1919 жылдан бері КСРО Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келген М. И. Калининді денсаулығына байланысты ауыстыру керек деп шешті. М. И. Калининді Сталин “біздің Президент” немесе “Бүкіл одақтың старостасы” дейтін. Калинин көп кешікпей 1946 жылы маусымда қайтыс болды. Наурыз пленумында Сталин халық комиссарларын ауыстыру керектігін айтып, Министрлер кеңесін құруға шешім қабылдады. Министрлер кеңесінің төрағасы болып И. В. Сталин тағайындалды. Сталиннің орынбасарлары — В. М. Молотов, Л. П. Берия, А. А. Андреев, А. И. Микоян, А. Н. Косыгин, Н. А. Вознесенскии, К. Е. Ворошилов және Л. М. Каганович болды. Л. П. Берия Үкімет басшысының орынбасары ретінде атом бомбасын жасау жобасына жетекшілік етіп, Ішкі істер министрі және Мемлекеттік қауіпсіздік мекемелерінің жұмысына бақылау жасады. И. В. Сталин мен Л. П. Берия бүкіл елдің билігін өз қолдарына алды. Авторитарлық билік осылай жалғасты. 211 ВКП(б) Орталық комитетіне жаңа адамдарды жұмысқа ала бастады. 1938—1945 жылдарда Ленинград облыстық комитетінің екінші хатшысы, 1945—1946 жылдарда Ленинград облыстық комитетінің бірінші хатшысы болған А. А. Кузнецов Орталық комитеттің кадр бөлімін басқаруға тағайындалды. Орталық комитеттің үгіт-насихат бөліміне А. А. Ждановты қойды. Партия және кеңес ұйымдарының үгіт-насихат жұмыстары: баспасөз, кино, радио, ТАСС, мәдениет саласына басшылық жасау жүктелді. 1948 жылға дейін Германиядан көшірілген өндіріс құрал- жабдықтарын орналастырумен айналысқан Г. Маленков Орталық комитеттің хатшысы, әрі ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Партиялық иерархия баспалдағын Н. С. Хрущев Орталық комитеттің хатшысы, әрі Мәскеу қалалық партия ұйымының бірінші хатшысы қызметінен бастады. 1952 жылы қазан айында ВКП(б)- ның ХІХ съезі өтті.
Алдыңғы
Келесі