Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Сый алғанда

Сый алғанда

Сыйлағанда тағдырым жаңа сынды,
Бұзылады көңілім жарасымды.
Солқылдайды жүрегім одан кейін,
Тырналатын тікенмен жара сынды.

Таң атады ілесе күн батады,
Көкіректе үн-түнсіз мұң жатады.
Жалғасады тағы да пенделіктің,
Таусылмайтын ылаңды сұм шатағы.

Жолықтырып осалын,қайраттысын,
Күжірейді жігерім қайрап тісін.
Түсіне алсаң жанымды жалғандағы,
Жұлмаламай жақыным жайлап түсін.

Алсам-дағы төбеме сарай тігіп,
Күрсінеді іңірде арай үміт.
Ғұмырым да барады ақырындап,
Кідірместен құбылаға қарай жүріп.

Сыйлағанда тағдырым жаңа сынды,
Бұзылады көңілім жарасымды.
Солқылдайды жүрегім одан кейін,
Тырналатын тікенмен жара сынды…

10.06.2018
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізеді

redaktor_qazyr

Жаз-2025: 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады

admin_qazyr

Алматыда қамаудағы сатиралық парақша авторы Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққан журналистті полиция ұстап әкетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz