Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамМәдениетСаясат

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

Асылхан Мамашұлы: Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады.Бұл туралы Qazyr.kz Malim.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Сондықтан, сөз бостандығы туралы айтуға әлі ерте. Шындықты айта, жаза білетін әріптестеріміз бар. Ал жалпы алғанда сөз бостандығы біздің елде жай әншейін декорация күйінде. Журналистер елдегі қордаланып жатқан өткір мәселелерді жазады. Алайда сыннан шығатын нәтиже шамалы. Қанша мәрте жазады, сынайды. Бірақ ешқандай қорытынды болмаған соң журналистің меселі қайтып, жігері мұқалады. Қырғызстанды мысалға алайық. Өзіміз көрдік, Қырғызстанда журналистер қандай мемлекеттік орган болсын алғысы келген ақпаратын алады. Мемлекет БАҚ-қа барынша ашық. Қажетті кезде қажетті мәлімет журналистердің алдында тұрады. Бізде бәрі керісінше.

Жалпы қазір мен журналистиканы қоғамдағы көңіл күйді бақылаушы қарғы баулы ит сияқты елестетемін. Тарқатайын. Кез-келген БАҚ ақпарат құралы құрылтайшысына тәуелді. «Тәуелсізбіз» деп жүргендері де белгілі деңгейде тәуелді. Ал мемлекттен қаржыландыратын БАҚ құралдары ол мемлекеттің саясаты мен идеологиясын жүргізуге мінедетті. Мен 23 жыл еліміздің 4-5 облысында меншікті тілші қызметін атқарғандықтан ауыл- аймақтың мәселесін бес саусағымдай білемін. Айына аз дегенде екі рет іс сапармен ауыл, аудандарды аралаймыз. Сол кезде шындықты айтпайсыздар деп шыбайға батырып, төбе құйқаңды шымырлатып айтып жататын ағайындар бар. Әрине әркімнің өз шындығы бар. Осы саладағы 23 жылдық жұмыс өтілімде халықтың мұң- мұқтажына қатысты шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселе назарымнан тыс қалған емес. Әсіресе ұлттық құндылықтарға қатысты көрсеткенде майдан қылшық суырғандай етіп көрсетіп келеміз. Мемлекеттік аранда қызмет істедің бе? Оның талаптарына көнуге міндеттісің. Бірақ менің жеке көзқарасым редакциялық саясат мүлде сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл тұрғыда мен кез- келген мәселеде жеке көзқарасымды ашық білдіріп келем. Оған қазір барлық мүмкіндік бар. Әлеуметтік желіні ешкім шектеп отырған жоқ.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Мүмкіндік туғанда қайтемін?

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Сәкен Жүнісов

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты