Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Тайфуннан 233 адам қаза болды

Вьетнамда «Яги» тайфуны құрбандарының саны артып келеді, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Билік 233 адамның қайтыс болғанын растады. 800 адам жарақат алды. Тағы 103 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Олардың жартысына жуығы – Лаокай провинциясындағы қиранды, қоқыс тауларына айналып кеткен Ланг Ну кентінің тұрғындары. Онда дауылдан болған нөсер жауын салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып, көшкін орын алды.

Тірі қалғандарды іздеуге 500-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Бірақ зардап шеккен аймаққа ауыр техниканы жеткізу мүмкін емес: жолдар жабылған немесе шайылған.

Ұқсас жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

admin_qazyr

ТЖМ: 6 облыс су астында қалып отыр

redaktor_qazyr

Конго Демократиялық Республикасында соғыс өршіп, Руанданың араласуы дауларды шиеленістірді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz