Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қызылордада мүгедек адамды негізсіз үй кезегінен шығарып тастаған

Қызылорда облысында сот белгісіз себеппен тұрғын үй алу кезегінен шығарылған бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынына қатысты аудан әкімінің тиісті қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Мүмкіндігі шектеулі жан 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. Алайда екі жылдан кейін ол белгісіз себептермен осы кезектен шығарылған.

2023 жылы ер адам аталған санат бойынша қайтадан кезекке тұрғызылған. Бірақ ол сотқа жүгініп, 2012 жылдан бастап кезекті қалпына келтіруді талап еткен. Кезектен негізсіз шығарылғанын және өзінің тіркелген тұрғын үйдің жоқтығын көрсеткен. Қазіргі уақытта талап қоюшы туыстарының үйінде тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде былтыр жұмысынан айрылған 293 мың адам әлеуметтік көмек алды

admin_qazyr

Түркістан: Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылды

redaktor_qazyr

Қаңтар оқиғасы: ұрланған қару анықталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz