32.3 C
Шымкент
16-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Теміртауда криминалист әйел 3 жылға сотталды

 Теміртауда әйел қайтыс болған адамның банк картасын ұрлаған. Сотталушы криминалист болып шықты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Аталған азамат полиция басқармасындағы криминалист қызметін атқарған. Ол қызмет бабымен мәйіт табылған пәтерге барған.

Криминалист тексеріс кезінде марқұмның атына рәсімделген банк картасы мен бір параққа жазылған құпия кодты тауып алады. Оқиға орнынан кеткеннен кейін банкоматқа барған. Есепшоттан 182 000 теңгені шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Себебі материалдық шығын толығымен өтелген. Сотталушының жасаған ісіне өкінетінін айтып, бұрын сотталмағанын және асырауында 3 кәмелетке толмаған жас баласы бар екенін айтып, сот үкімін жеңілдетуді сұрады. Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ 361-баптың 2-1-бөлігі (лаузымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша криминалист әйел кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

admin_qazyr

Биыл кәсіптік-техникалық колледждерде сұранысқа ие мамандықтар тегін оқытылатын болады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz