Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Тіс пломбалары енді қажет емес

Жапон ғалымы Казуе Ямагаши жеке тазалықсаласында революциялық жаңалық ашты. Оның ойлап тапқан тіс пастасы арқылы аурусыз тістегі тесіктер мен сызаттарды бітеуге болады. Сонымен қоса тіс дәрігерінің көмегіне жүгінбей тіс эмальін қалпына келтіруге болады деп хабарлайды The Daily Telegraph британ газеті.

Құрамы бойынша тіс эмальіне ұқсас болғандықтан оны тістегі сызаттарға жағуға болады.
Өнім тістердің негізгі құраушысы болып табылатын гидроксил-апатитке тәжрибе жасалған кездері алынған. Алдымен заттың құрамындағы қышқыл жарылған эмальдің бетін аздап ерітеді. Үш минут өткен соң паста кристаллданады да жасанды материал табиғи эмальдің құрылымына нық енеді. Сонымен қатар бактерияларға қарсы әрекет етеді. Жапон тіс дәрігерлерінің жүргізген тестерінің нәтижесінде осындай тіс пастасымен емделген тіс сау тістен еш айырмашылығы болмайды. Айырмашылық тіпті микроскоппен де білінбейді.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы болу ережесі қандай?

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың сегізінші қара сөзі

redaktor_qazyr

Адамның мүшел жасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz