21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Түркіменстан мен Өзбекстаннан әкелінген қызанақтардан вирус табылды

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды.Түрікменстанның 56,1 тонна, Өзбекстанның 4,2 тонна қызанақтарынан «қоңыр қатпарлы вирусы» табылып, кері қайтарылды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды

Биыл Түркістан облысында орналасқан фитосанитарлық бақылау бекеттері арқылы 1075 көлікпен жөнелтілген 15 637 802 тонна қызанақ өнімдері әкелінді. Бұл ретте фитосанитарлық талаптардың бұзылуына байланысты (фитосанитариялық сертификаттың, таңбалаудың болмауы) көлемі 29,522 тоннаны құрайтын қызанақ экспорттаушы елге қайтарылды.

Өнімдерде вирус бар немесе жоқ екенін анықтау мақсатында басқа елдерден әкелінген қызанақ, баклажан, тәтті бұрыштың әрбір партиясы тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өтіп, нәтижесінде «қоңыр мыжылған қызанақ жемісінің вирусы» анықталды. Өнімде вирус болуына байланысты Түркменстан Республикасына 56,1 тонна қызанақ, Өзбекстан Республикасына 4,2 тонна қызанақ кері қайтарылды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бері фитосанитарлық бақылау пункттерінде фитосанитариялық талаптарға сай келмейтін, импортталатын карантинге жатқызылған өнімдердің 497,624 тоннасы кері қайтарылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

redaktor_qazyr

ТШО Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай өндірді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz