Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратҚазірҚоғам

Түркістан облысында полицейлер сенбілікке шығып, 120 түп ағаш көшетін екті

Сурет: Түркістан обл ПД баспасөзі

Түркістан облысында полицейлер сенбілікке шығып, 120 ағаш көшетін екті,деп хабарлайды Qazyr.kz .

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында әр апта сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосып келеді. Күннен-күнге жасарып, гүлденіп келе жатқан Түркістан қаласының көрікті де әсем, таза қала болуы үшін департамент аумағын қоқыстан тазартты.


Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген полицейлер шырша, терек, қаратал секілді бірқатар ағаш түрінен 120 тал екті.
“Таза Қазақстан” акциясы басталғаннан бері облыс полицейлері 400-ге жуық ағаш отырғызды. Тазалықты жаны сүйетін тәртіп сақшылары сенбіліктен соң, өздерін сергек және көтеріңкі көңіл-күйде сезінді. Полицейлер атап өткендей, мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Dala inside басылымының бас редакторын тергеуге шақырды

redaktor_qazyr

Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстар өткізіле бастайды

admin_qazyr

«Кемпір»сөзінің мағынасы не?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz