Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Украина Ресейге АҚШ-тың ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

Сурет: Defensemirror.com

Украиндық сарбаздар Ресейдің Брянск облысы аумағындағы оқ-дәрі сақталатын нысанға алты баллистикалық ATACMS зымыранымен соққы жасады, оның бесеуі атып түсірілді, біреуі зақым келтірді, деп хабарлады Qazyr.kz .

Бұл жағдайға байланысты Ресей билігі «зымыранның қалдықтары әскери нысанның техникалық аумағына түскен, өрт шыққан, алайда өрт сөндірілді. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен қиратулар жоқ»,- деп түсіндірді.

«РБК-Украина» басылымы Брянск облысындағы Карачев қаласының маңындағы әскери нысанға шабуыл жасалғанын түсіндіреді. Бұл қала Украина шекарасынан 130 шақырым жерде орналасқан.

Astra Telegram арнасының хабарлауынша, Карачев қаласының тұрғындары «әскери базаға шабуыл жасалғаны туралы хабарлады».Оқырмандар жіберген бірнеше бейнетаспада өрт жалыны,снарядттардың жарылған дыбыстарын естуге болады.

Айта кетейік,ATACMS (Army Tactical Missile System) – бұл АҚШ-та жасалған, жоғары дәлдіктегі тактикалық баллистикалық зымыран жүйесі. Оны Lockheed Martin компаниясы әзірлеген және АҚШ армиясы қолданады. Бұл зымырандар ұрыс алаңында маңызды нысандарды (әуе базаларын, радиолокациялық станцияларды, әскери қоймаларды және т.б.) жоюға арналған.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» этнокөрмесі өтті

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күнімен құттықтады

redaktor_qazyr

Монтайтас ауылы: «Туған жерге түлектердің тартуы»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz