Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Түркістан облысының тұрғынынан 400 таблетка «Трамадол» тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 400 таблетка «Трамадол» тәркіленді.Бұл туралы Qazyr.kz Түркістан облысының ПД баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

Түркістан облысы Шардара ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «Трамадол» психотроптық затын заңсыз сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Полиция күдіктінің үйін тінту кезінде 400 таблетка «трамадол» психотроптық заттың тәркілеп, сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық мән-жайларды анықтау барысында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полициясы «трамадолдың» психотроптық заттар қатарына енгізілгенінен бастап, 34 дерегін анықтап, 1800-ге жуық таблеткасын тәркілеген.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Ең адал» деп танылған полицей 7 жылға бас бостандығынан айырылды

redaktor_qazyr

Қызылордада мүгедек адамды негізсіз үй кезегінен шығарып тастаған

Redaktor Site

Темірлан Еңсебек ісі: Сот тілін таңдауға қатысты пікірталас туды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz