Түркияның Білім министрлігі тарих пәнінің оқу бағдарламасына айтарлықтай өзгерістер енгізілетінін жариялады. Жаңа оқу жоспарларында «Орталық Азия» терминінің орнына «Түркістан» ұғымы қолданылатын болды. Бұл туралы Qazyr.kz  TRT Haber -ге сілтеп хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам келешек ұрпақтың түркілік сезімін, ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін тәрбиелеуге бағытталған.

Бағдарлама мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде 2024-2025 оқу жылында енгізіледі.

Елдің білім министрі «Түркістан» терминін қолдануға көшу тарихи негізделгенін атап өтті, себебі бұл атау алғаш рет түркілер қоныстанған аймақтарды сипаттайтын көне мәтіндерде кездеседі.