Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұрсынхан Әбдірахманова — Сүйе білсең…

Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.

Жанар болсаң,
Болар едім жалының,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.

Амалым не,
Ашылмады бораның,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтың туған жер,отан туралы нақыл сөздері

redaktor_qazyr

Алматыда «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

admin_qazyr

Мәдениет майталманы құрметке бөленді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz