Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шөмішбай Сәриев

Мен әдемі киінсем де,
Өзің деп сүйінсем де
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Мен бұлттанып мұңайсам да
Шаттанып қуансам да
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Мен білезік тағынсам да
Қуанып сағынсам да
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Бақытым боп кез келсе де
Мінезім өзгерсе де,
Бәрі де сүйгенім сен үшін
Мен рахат күн кешсем де,
Жұлдызбен тілдессем де,
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Бақытым сен күнім десем
Бір сен деп ғұмыр кешем,
Бәрі де сүйгенім сен үшін

Ұқсас жаңалықтар

Сандарды ойша қалай көбейтеді?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Дүние жалған

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz