Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұрсынхан Әбдірахманова — Сүйе білсең…

Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.

Жанар болсаң,
Болар едім жалының,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.

Амалым не,
Ашылмады бораның,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.

Ұқсас жаңалықтар

CONNECTED-2024 конференциясы аясында стартаптар көрмесі мен халықаралық конкурс өтеді

redaktor_qazyr

Парктер шеруі – 2025: Көлсай табиғатын қорғауда оқушылар ерекше белсенділік танытты

admin_qazyr

Тарихта арғындар қай жерді мекендеген?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz