17.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Айтарым барӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Тышқан пілді құлатты

Украина мен Ресей арасындағы соғыс алаңында технология мен тактиканың жаңа қырлары пайда болуда. Жақында украиналық дронның ресейлік Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшағын қону сәтінде жойғаны туралы хабар тарады. Бұл оқиға асимметриялық соғыстың айқын мысалы. Салыстырмалы түрде айтсақ, арзан дрон қымбат әскери техниканың күлін көкке ұшырды.

Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырскийдің мәлімдеуінше, украиналық дрон бірнеше күн бұрын қонған сәтінде ресейлік Ту-22М3 ұшағын сәтті жойған. Бұл ұшақтың құны шамамен 100 миллион АҚШ долларын құрайды.

Сырский шабуылдың нақты орнын ашып айтпады, бірақ кейбір дереккөздер бұл шабуылдың Ресейдің Солтүстік Осетиядағы Моздок әскери әуе базасында болуы мүмкін. Осы жайт Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерінің әлсіз тұстарын көрсетсе, Украина күштерінің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру қабілетін айқындады.

Ту-22М3 (НАТО коды: Backfire) 1960 жылдары Туполев конструкторлық бюросы әзірлеген, айнымалы қанат геометриясына ие, дыбыстан жылдам, алыс қашықтыққа ұшатын стратегиялық және теңізде соққы беруші һәм бомбалаушы ұшақ. Ол ядролық және дәстүрлі оқтұмсықтарды тасымалдауға қабілетті, жылдамдығы 2 300 км/сағ-тан асады және ұшу қашықтығы 7 000 шақырымға дейін жетеді.

Бұл оқиға асимметриялық соғыстың жарқын мысалы болып табылады, мұнда құны 10 мың доллар шамасындағы дрон құны 100 миллион долларлық ұшақты жойды. Бұл тактика қарсыластың қымбат ресурстарын арзан құралдармен істен шығаруға мүмкіндік бергенін көріп отырмыз.

Нұрлан Жұмахан

Ұқсас жаңалықтар

Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты

redaktor_qazyr

25 жыл тоқтаусыз мал баққан малшыларды зейнетке ерте шығаруды ұсынды

redaktor_qazyr

Антон Лапенко мен Maul Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz