14.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Украина Еуропадан оқ сұрамай, стратегиялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жасауға серіктес болуға шақыруда

Әскери технологиялар майданында Украина ешкімге жалтақтамай, өз өндірісін қалыптастыруға көшті. Олар стратегиялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін (ЗРК) әзірлеуде. Мамандар бұл жол жай ғана жергілікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету емес, Еуропаның қорғаныс картасын түбегейлі қайта сызып шығатын деңгейді көздеп отырғанын айтуда.

Осыдан тура бір жыл бұрын Киев 100 шақырым қашықтықтағы нысаналарды жоя алатын зымыран кешенін жасап жатқанын ресми мәлімдеген-ді. Ал кеше ғана Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Сібига Еуроодаққа ұсыныс тастап, бұл жобаны стратегиялық әуе қорғанысына қарсы жүйе деңгейінде бірлесіп жеткізуге шақырды.

Сібига айтқан «стратегиялық әуе қорғанысына қарсы жүйе» деген сөзді есімізге Американың Raytheon сынды алпауыттар SM-6 немесе SM-3 тәрізді экзоатмосфералық, баллистикалық зымырандарды атып түсіретін жүйелері еске түсетін-ді. Енді, Украина Patriot кешенінен де мықты, алысқа ататын әрі дәлдігін арттырған жүйе жасауға кіріскенін байқауға болады. Ertenmedia.kz дейін Украинаның осындай маңызды әскери жобаларды қолға алуына АҚШ пен Ресейдің кедергі жасап жатқанын жазған еді. Егер оларды Еуропа қолдаса, қауіпсіздік саласында Украиана АҚШ-қа көп жалтақтамайтыны белгілі.  Мамандар бұл жобаны «ТМД кеңістігінде бұрын-соңды болмаған, әскери технологиялық секіріс» деп бағасын берді.

Қазіргі таңда бұл жобаның нақты қандай сатыда тұрғаны белгісіз болғанымен, «Длинный Нептун» жобасы тәрізді, күтпеген уақытта, бір күні пайда болуы әбден мүмкін. Бұл да Украина қорғаныс өнеркәсібінің стратегиялық тылда қалай жұмыс істеп жатқанын аңғартса керек.

Ал енді мәселенің екінші қырына келсек – Украина бұл бастаманы жалғыз атқарғысы келмейді. Еуропа елдерін бірге жұмыс істеуге шақырып отыр. Бірақ бұл ұсыныс кімге қызықты болуы мүмкін?

Бірінші кезекте, бұл бастама Франция мен Италияға аса қажет емес. Олар қазірдің өзінде SAMP/T NG жүйесін жетілдіріп, өз инвестицияларын толық игеріп жатыр. SAMP/T-ті жасайтын MBDA концерні Airbus, BAE Systems және Leonardo сынды ірі еуропалық алпауыттарға тиесілі. Бұл елдер басқа біреудің жобасына кірмес бұрын өз «ойындарын» ойнайтыны сөзсіз.

Сол секілді Германия бұл ұсынысқа селт етпеуі мүмкін. Себебі Берлин Arrow 3 жүйесіне қыруар қаржы құйып жатыр. Германия мен Израильдің бірлескен қорғаныс жобалары бүгінде қарқын алып барады. Олар ескі APKWS аналогын қайта тірілтуге талпыныс жасауда. Сол сияқты Польша да бұл ұсынысқа бас шұлғи қоймас. Варшава АҚШ-тан 15 млрд долларға Patriot кешендерін сатып алуға дайын отыр. Демек, бұл елдер Киевпен бірге жаңа жүйе жасауға ұмтылмайды.

Бірақ Украина үшін әлеуетті әріптестер Еуропада әлі де бар. Мысалы, Швеция. Saab компаниясы Giraffe 4A тәрізді заманауи радарлар жасайды, бірақ елдің зениттік жүйесі тек қысқа қашықтықтағы RBS-70 кешенімен шектелген. Швеция тек 4 Patriot батареясын (әрқайсысында 3 қондырғыдан) сатып алған болатын. Жалпы алғанда, бұл ел стратегиялық ПВО тұрғысынан әлсіз, бірақ техникалық потенциалы зор. Демек, Украинамен бірлесіп, жаңа жүйе жасау – оларға да тиімді.

Тағы бір үміткер – Норвегия. Kongsberg компаниясы NASAMS кешеніне украиндық зымырандарды біріктіруге дайын екендігін жариялады. Демек, олар үшін NASAMS-тан стратегиялық жүйеге өту – логикалық келесі қадам. Оның үстіне Норвегия Ресеймен шекаралас ел. Сондықтан, үлкен қашықтықтағы ПВО жүйесі – геосаяси қажеттілік. Әрі оларда өздерінің баллистикалық ЗРК жоқ.

Бұл жерде маңыздысы – Еуропаның қорғаныс нарығында жаңа балама жүйелердің пайда болуы. Қазір Израиль, АҚШ және Франция өз жүйелерін экспорттап, экономикалық үстемдігін орнатуға тырысып жатыр. Ал Украина мұндай жағдайда еуропалық қорғаныс нарығы үшін төртінші бағыт ұсынып, технологиялық тәуелсіздік, әскери-өндірістік серіктестік және посткеңестік кеңістікте баламалы жолды дамытуға мүдделі.

Сөздің қысқасы, Украина бұрын «қорғаныссыз» деп саналса, қазір «технологиялық эксперимент алаңына» айналып келеді. Ал осы алаңда жасалған әрбір жаңалық ертеңгі Еуропаның қауіпсіздігін анықтауы әбден мүмкін. Украина бұл жолы оқ сұрап отырған жоқ – одақтастарын жасауға шақырып отыр. Еуропа осы сәтті пайдалана ма – ол енді олардың тарихи таңдауы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия Көлік және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығаюда

redaktor_qazyr

Атырау қаласында су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды

redaktor_qazyr

Қарағанды облысындағы шахтадан қаза болған кеншілердің аты-жөндері белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz