Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратҚазір

Ұлытау өңіріндегі Жомарт кенішінде 7 адам қаза тапты

2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының Жомарт кенішінде тау жынысы опырылған болатын. Ақпанның 18-іне қараған түні Жомарт кенішінде жұмыс істейтін жеті жұмысшының өлі денесі табылды деп  хабарлайды Qazyr.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Беткенов қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, оларға көмек көрсетілетінін де мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайдың себептерін анықтау және оның салдарын жою үшін Үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев апат салдарынан жеті адам қаза тауып, 402 адам өз бетімен эвакуацияланғанын айтты.

«Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнында жедел әрекет ету тобын құрды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада табиғи газ жарылған. Оқиға орнын комиссия мүшелерімен бірге тексеріп, зардап шеккендердің отбасыларымен кездесу өткізді. Сондай-ақ екі арнайы шағын комиссия құрылды: бірі – апаттың себептерін анықтау, екіншісі – қауіпсіздік бойынша қандай бұзушылықтар болғанын анықтау. Бұл шағын комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауы керек. Қазіргі уақытта кеніште жұмыс тоқтатылды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар жүргізу жоспарлануда: сот-медициналық және өрт-жарылғыш», – деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңіріндегі шахтада қаза тапқан жұмысшылардың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Самал» базарының маңында өрт шықты

redaktor_qazyr

Жүкті әйел шашын қиса не болады?

redaktor_qazyr

Ұлттық ұлан сарбазы суға кеткен спортшыны құтқарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz