Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Қала әкімі, облыстың тиісті басқарма және шаһардың бөлім басшылары қатысқан жиында облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, саябақтарды, мәдени-тарихи ғимараттарды жаңғырту, салу жайы талқыланды.

«Енді әр апта сайын Семей қаласын дамыту, көркейту бойынша осындай кеңес өткізіп отырамыз. Шаһарды өркендету бойынша жоба-жоспарларды талқылаймыз. Қалада қордаланған мәселе көп. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Сол шаруаларды тізе қосып, бірлесе шешуіміз керек. Семей – облыстың айнасы. Аудан-ауылдар облыс орталығына қарап бой түзейді. Қала соған сай болуы керек. Оның үстіне биыл – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Абайдың мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» деп тапсырған болатын. Дайындық шараларын күшейтуіміз керек» деді облыс әкімі.

Кеңесте Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов биылға жоспарланған жобалар туралы баяндады. Аймақ басшысы шаһарды абаттандыру бағытындағы басталған жұмысты жалғастырып, өзекті мәселелерді шешу, инвестиция тарту бойынша нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу-2025: 5 айда жасалған келісімшарттардың көлемі 5 трлн теңгеге дейін ұлғайды

admin_qazyr

Әйгілі футболшы 73 жасқа қараған шағында ақтық сапарға шығарылды

redaktor_qazyr

Құлдық қамыты: 250 азамат адам саудасының құрбаны болған

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz