Өмір бойы дәрігер болған 104 жастағы жапон дарігерінің кеңесі:
1. Салмағыңды сақта. (Жапондықтар салмақ қосуды 10 000 аурудың бастауы деп айтады).
2. Дәрігерге сенбе. (Дәрігерлер мен емшіліктің көпшілігі тек пайда табу үшін бизнес).
3. Ғылым ешнәрсені емдеген жоқ. (Ауруды уақытша ғана басады).
4. Әрдайым алдын ала жоспарла. <<Дайын болсаңыз қайғы-қасірет болмайды» (Жапон мақал-мәтелі). 5. Ауырсыну жұмбақ нәрсе, егер көңілді басқа нәрсеге аударып, содан лаззат алса, ауруды ұмытуға болады.
6. Мотивацияны құрметтей біл. (Бір нәрсені байқап көру және оны жаңадан бастау үшін мотивация ете маңызды). 7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл. (Бар нәрсенің Стрі сенде болуы міндетті емес. Жақсы керетін адамың, заттар, жұмыс-қызмет. Сондықтан барына риза бол).
8. Жеделсатыны пайдаланба. Дененің төменгі бөлігін дамыту ұзақ және сау өмірдің құпиясы).
9. Уайымдауды доғар. (Болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды). 10. Білгеніңмен бөліс. (Білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы ортаймайды)
11. Ақшаға ессіз ғашық болма.(Ақша бұл тек құрал ғана. Бақыт онда болмайды).
12. Өнеге бола алатын бірдеме тап. (Өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені жасап, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с.).
13. Зейнетке шығу туралы ойлама. (Коғамға белсенді бол).
14. Әрқашан миыңды жұмыс істе те біл. (Дененді шынықтырып дамытқандай, миынды да істетіп дамыта біл).
15. Ешқашан тоя тамақтанба. (Асқазанның 80%-нан асырма).
16. Жақсы ұйықтап демалып жүр (Шаршауды басу үшін 8 сағаттық ұйқы, немесе кем дегенде 6 сағат ұйықтау керек).
17. Шын жүректен күле біл. (Күйзеліспен күресудің ең тиімді тәсілі).
18. Кешіріп үйрен. (Ренжігіш адам іштей мүжіледі).
19. Омега 3-ке бай тағамдар қолдан (Сенің жасын емес, ақыл-ойын жас болуы маңызды).
Аударған: Амантай Тойшыбайұлы.