Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Виктория Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Виктория Вильгельмовна Шегай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Qazyr.kz Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiн, Мирас университетін, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ есеп айырысу операциялары бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2004–2017 жылдары «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ, «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «БЖЗҚ» АҚ-да жетекші маманнан департамент директорына дейін түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2017–2018 жылдары — «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ штаттан тыс қызметкері.

2018–2022 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің басқарма басшысы, директоры.

2022–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның аға ғылыми қызметкері, реттеу саясаты секторының басшысы.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры қызметін атқарды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Павлодар облысында өрт шыққан үйден ер адамның мәйіті табылды

Redaktor Site

БҚО-да «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz