Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Крипто нарықтың даму бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен халықаралық BigONE криптовалюта биржасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті мен BigONE криптобиржасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісімнің мақсаты – цифрлық активтер саласындағы салықтық әкімшілендіру, тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында тараптар келесі мәселелерді талқылады:

— криптоиндустрия мен экономиканы цифрландырудың даму перспективалары;

— Қазақстанның жаһандық криптонарықтағы негізгі қатысушылардың бірі ретіндегі өсіп келе       жатқан рөлі

— Қазақстан Республикасы Президентінің Crypto City құру және цифрлық активтер айналымына арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі бастамасы.

Қазақстан тарапынан BigONE компаниясымен ынтымақтастық:

— криптовалюта операцияларының ашықтығын арттыруға;

— цифрлық ортада әділ әрі тиімді салық салуды қамтамасыз етуге;

— цифрлық активтер саласының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деген сенім білдірілді.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста құрылыс алаңында 2,5 метр биіктіктен жұмысшы құлап мерт болды

redaktor_qazyr

Ұл баланы неге сүндетке отырғызады?Тарихи шолу мен деректер

redaktor_qazyr

Дос-Мұқасан тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz