Qazyr.kz порталы
БілімҚазірҚоғам

Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр

Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашты.

Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Ұшақпен ұшатындар нені ескеру керек?

Redaktor Site

Танымал әзілкеш — Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz