Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласында суға кетіп бара жатқан қызды полицей құтқарып қалды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.
Оқиға 30 шілде күні болған.ЖПБ жедел тергеу тобының қызметкерлерімен теміржол бойында рейдтік іс-шарасын жүргізу барысында, теміржолға жақын орналасқан “Тоғай” елді мекені арқылы өтетін каналдың бойымен өтіп бара жатып, алыстан көмек сұраған жасөспірім қыздың даусын естиді. Сөйтіп жағдайды бірден түсінген полиция аға лейтенанты Батыр Мұқан ойланбастан қас қағым сәтте шешім қабылдап суға батып жатқан “В” есімді Шу қаласының азаматшасын каналдан шығарып,қайғылы оқиғананың алдын алып екінші өмір сыйлады.
Осындай қырағы Шулық полицейдің жұмыс барысындағы ерлігі еленіп , марапат төрінен көрініп әріптестері мақтаныш тұтып өзге әріптестері мен азаматтарға үлгі болса нұр үстіне нұр болары анық.
Адам өмірі ҚР бірінші бабында бәрінен қымбат екені айтылған . Адам өмірін сақтап қалған полицей аға лейтенант Батыр Мұқан қандай да болмасын мадақ пен құрмет болса соған лайықты деп білемін .
Автор: Данко Барон.