Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Жамбылдықтар Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер сыйлады

Жамбылдықтар Паралимпиаданың күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиды қошеметпен қарсы алды,  деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері Әулиеата халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоғымен күтіп алып, жылы лебізін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс айтты.

Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиададағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Иракта 9 жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат етілді

redaktor_qazyr

Оңтүстік Кореяда Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртенді

redaktor_qazyr

Қаңтар оқиғасы: ұрланған қару анықталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz