Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қаңтар оқиғасы: ұрланған қару анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тауып тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап Qazyr.kz. хабарлайды.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылып тәркіленді.

Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды. Ведомстводағылар аталған фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Үлкен Нарын ауданында ет консервілеу цехы ашылады

admin_qazyr

Алтынемел ұлттық паркінде Қызыл кітабқа енген аңдарға санақ жүргізілді

admin_qazyr

Қазақстанда жаңа мереке: Тазы мен төбет күні бекітілмек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz