Qazyr.kz порталы
Руханият

Жәнібек Салқынбек-Сен маған өкпелеме

Сен маған өкпелеме,

Мен сенсіз келіп кеттім Көктөбеге.

Жалғыздықтан жалындап жанбас үшін

Салқындық керек болды от кеудеме.

 

Тұп-тұнық ойға баттым,

Құлатуды қалайды тайғанақ мұң.

Өзімнен жеңіс күтіп жүргеннен соң

Сезімнен жеңілем деп ойламаппын.

 

Сөздерің есімде тұр,

Асығып келме дедің шешімге құр.

Екеуміз екі жақта арамызда

Құрылысы басталған кесім көпір.

 

Сен өзің білесің ғой,

Махабатта менде бар бір өзің ғой.

Саябақта қыдырсам «басқа қызбен»

Қарындасы екен деп күлесің ғой.

 

Білмеймін сеніп жүрмін,

(Немесе бос сенімге еріп жүрмін.)

Болашақта сенімен қыдырсам деп

Көктөбеге мен жалғыз келіп жүрмін.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Ақан Сері

Redaktor Site

Жиен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz