Жапонияның құпия ядролық қаруы
1942 жылдың жазында Гитлерге атом бомбасын жасау айлап емес жылдап созылатыны туралы хабарлар жеткен кезде Жапон Императорлық Әскери-теңіз күштерінің штаб-пәтерінде атом энергиясын әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігі туралы ғалымдармен кездесулер өткізiлді.
Тынық мұхитында соғыс қайнап жатқанда Жапон флоты академиктер мен адамиралдардың басын қосып кездесуін бастады. Қонақтардың тізімін бір кездері дат физигi Нильс Бормен бірге оқыған көрнекті жапон физигі Ёсио Нисина басқарды.
1943 жылы мамырда Нисина әскерилерге атом бомбасын жасау мүмкін екендігін хабарлады. «Эн жобасы» атты (Нисинаның атымен аталған) құпия жобасы бекітілді. Бірақ Жапонияның ол кездегі экономикалық әлеуеті тым әлсіз еді. Нисинаның есептеулері бойынша бір ғана атом бомбасын жасауда уран-235 алу үшін сол кезде елде өндірілген барлық электр энергиясының 8/1 бөлігі қажет етті. Жапон экономикасы ресурстардың тапшылығын бастан кешіргендiктен бұл оларға ауыр тиді.
Оған қоса Жапониядағы соғыс аяқталмай тұрып «Эн жобасымен» қатар «Сюсуй жобасы» — «Күзгі сулар» атты жобасы да жүзеге асырыла бастады.
Ол кезде Гитлердің V-1 зымырандары Лондон әуесiнде алғаш рет пайда болғаны Жапонияның Нагано префектурасының шаруалары күн күркірегендей түнде шошып оянған. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін Жапония жаңа құпия қару жасау алдында тұрды. Германияда жанкешті адам басқаратын V — 1 зымыран түрiн жасау идеясы пайда болса жапон флотында да соған ұқсас жанкешті адам басқаратын «Кайтэн» атты торпедалар түрін жасау идеясын қолға алды. Императорлық штаб егер зымыранды жанкешті адам басқарса оның тиімділігі күрт арта түседі деп есептеді. Бірақ Гитлер жаңа қарудың сұлбаларын өзінің азиялық одақтасына қандай жағдайда бергені — бермегені белгісіз. Бiр қызығы жапон сүңгуір қайығымен техникалық құжаттама Испанияға қалай жеткізілгені туралы детективтік фильм үшін жеткілікті болар еді.
1944 жылдың шілдесінде бұл сүңгуір қайық Сингапур аралының маңында жұмбақ жағдайда суға батып кеткен. Әйтсе де сүңгуіршiлердің көмегімен кейбір құпия құжаттарды сақтап қалғанымен кейбір сұлбалар теңіз түбінде бүлінген күйі табылды.
Олар табылған құжаттарды Берлинге жөнелтті. Бірақ немiстерден жауап күтпестен Нагано префектурасының тауларында «Сюсуй» жобасын жасау жұмыстары қызу басталып кетті. Екі жағы тау жоталарымен мықты қоршалған Мацумото қаласының жұрты соғыс жайында түрлі сыбыстар арқылы естiген болатын. Бірақ 1944 жылдың жазынан бастап жергілікті тұрғындар күңгірт жарылыстарды түнде жиі — жиі еститін болды. Олар басында бұл америкалық бомбалаушылар қаланы бомбалап жатыр деп ойлады. Дегенмен мұндай нулы орманда «АҚШ әуе күштері не iстеп жүр?» деген сұрақ туындайды. Бірақ көп ұзамай от жағып отырған қариялар төңіректегі тауларда түнгі дүбірдің жаңғырығы шеткiректе орналасқан бiр құпия әскери нысанды байқап қалады. Ол жерде ғимараттардың өздері ғана емес оларға апаратын жолдары да жабылып қатаң күзетілген. Бұл әскери нысанда кейбір жаңа қарулар сынақтан өтіп жатыр деген түрлі қауесеттер тарай бастады. Жұмыстың оныншы айында Берлиннен жауап күтудің бекер екені белгілі болды. Өйткені 9 мамырда нацистік Германия тiзе бүктi. Сондықтан болар 7 шілдеде жасалған жапон зымыранының алғашқы сынамалары сәтсіз аяқталғаны. Зымыранның қозғалтқышы істен шығып әуеге көтерілді де жарылды. Осылайша «Сюсуй» зымыранының қалдықтары аэродром ғимараттарының біріне құлады. Ал ондағы ұшқыш өзінің алғашқы жауынгерлік ұшуына аз қалғанда зымыранмен қоса өртеніп кетті.
Сәтсіздіктерге қарамастан «Күзгі сулар» жобасы бойынша жұмыс қызу қарқынмен жалғасып жатты. Енді АҚШ-тың батыс жағалауына шабуыл жасау үшін сүңгуір қайықтарды қолдану туралы ешкімнің де ойлағысы келген жоқ. «Суюсуй» ең алдымен АҚШ-тың В-29 бомбалаушы ұшақтарын ұстау үшін қажет болған. Өйткені олар өздерінің өлімге әкелетін жүктерін (бомба) жапон қалаларына төндіріп тұрды.
1945 жылы 15 тамызда «Күзгі сулар» жобасының қатысушыларына жобаның маңыздылығын көрсету үшін императорлық штабтың флигель — адъютанты Мацумото қаласына келді. Алайда ол келгеннен бір сағат өткенде (Тағдырдын жазуымен) император Хирохитоның Жапонияның тiзе бүккенi туралы сөзі радиодан хабарланған.
Ал келесі аптада жобаның қатысушылары әскери нысандағы қағаз бумаларын өртке орап түрлі құрылғыларды жойды. Ақыры «Күзгі сулар» атты құпия жоба көптеген жапондар үшін белгісіз күйінде қала бермек.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)