Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазір

Жаз маусымында Түркістанда 40 мың бала сауықтыру лагерлерінде демалады

Түркістан облысында балаларды жазғы демалыс уақытында сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы 32 маусымдық демалыс лагерлері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і жекеменшік. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында мәжіліс өткізді, — деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жиынға облыстық Білім басқармасы, өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, лагерлердің жетекшілері онлайн-офлайн форматта қатысты.

«Оқушыларды қабылдау, нысандардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын реттеу, қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін талқылауға жиналып отырмыз. Бұл істерге қаңтар айынан бастап кірістік. Лагерлерді аралап көрдім. Әлі де жұмыс баяу. Уақыт тығыз. Жазға дейін сақадай сай болуымыз керек. Балалардың қауіпсіздігіне аса мән беріңіздер. Ғимараттарды жөндеу жұмыстары бойынша мониторингті тоқтатпаңыздар. Әсіресе жекеменшік лагерлерді зерделеу қажет. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына басымдық берілуге тиіс. Бұл бағыт облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында. Жұмысты күшейтіңіздер», — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекованың мәлімдеуінше, биыл біршама өзгерістер бар. 2025 жылы балаларды сауықтыру жұмыстарының басым бөлігін мемлекеттік лагерлер мен облыстық білім басқармасына қарасты 2 мекемеде өткізу жоспарланып отыр. Қосымша модульдік жатын орындарын қойып, балалардың санын арттыру көзделіп отыр. Осы жылы облыстағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 40 мыңнан астам бала тынығады. Ал лагері жоқ аудандардың мәселесін шешу жолдары қарастырылуда.

Әр маусымның ашылуы алдында қауіпсіз ауыз су жүйелерінің болуы, тамақтану және тұру жағдайының қамтылуы, залалсыздандыру, медициналық көмектерді үйлестіру, үй-жағдайлардың және аумақтың залалсыздандырылуы, су мен топырақты зерттеу сынды шаралары жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы арнайы жол карта аясында жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

©Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

10 ай бұрын жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz