Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Жазғы таң

Жазғы таң

Ұмытпадым ағарған жаз таңдарын,
Әлі есімде күлгенің, назданғаның.
Өтті білем зымырай зулап жылдар,
Ауырады дегенмен аздап жаным.

Ұқсағанмен әр көктем емдегенге,
Селт етеді жүрегім сен дегенде.
Ауыр қылып тағдырым қойған екен,
Сезім менен сенімді теңдегенде.

Үнсіз күліп отырмын от басында,
Елемеймін тірліктің ноқтасын да.
Ғашықтықтың жебесін қадап кетсін,
Қайта оралып сол сәттер тоқтасында.

Естеліктен күлгендей елесің кеп,
Менсіз талай ыждағат көресің деп.
Қол сілтеуге жарамай ойдың нәрі,
Елдің айтқан сөзіне ересің көп.

Ұмытпадым ағарған жазғы таңды,
Еселеген еріксіз аз мұңдарды.
Өтті білем еленбей зулап уақыт,
Бойды билеп барады саз құмарлы…

Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Спандияр Көбеев әңгімесі

Redaktor Site

2024 жыл бойынша Прокуратура қылмыстық жағдай туралы мәлімдеді

redaktor_qazyr

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz