Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Жыл басынан бері 1,6 трлн теңге көлемінде кедендік төлем түсті

Жыл басынан бері Қазақстанның ЕАЭО-мен сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері арқылы екі бағытта 605 мыңнан астам автомобиль өтті. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың өткізу қабілеті 25%-ға өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді.

Көрсетілген кезеңде 1,6 трлн теңге кедендік төлем түсті. Болжам 106%-ға орындалды.

«Мемлекеттік шекараның периметрі бойынша 52 автомобиль өткізу пункті орналасқан, оның 14-і – ЕАЭО-мен сыртқы шекарада. Қытай Халық Республикасымен шекарада 5 өткізу пункті, Өзбекстанмен шекарада – 8 және Түрікменстанмен шекарада біреуі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 6 өткізу пункті жаңғыртылды. Атап айтқанда, ҚХР-мен шекарадағы пунктер («Нұр Жолы», «Қалжат», «Алакөл») және Өзбекстанмен шекарада 3 өткізу пункті («Бауыржан Қонысбаев», «Қапланбек», «Атамекен») сәтті жаңғыртылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы бес өткізу пункті жаңғыртылады. Бұл Түрікменстанмен шекарадағы «Темірбаба», Өзбекстанмен шекарадағы «Қазығұрт» және «Тәжен», Қырғызстанмен шекарадағы «Майқапшағай» және «Бақты», –деді спикер.

Бақытжан Слямов жаңғыртудың негізгі мақсаты қауіпсіздікке нұқсан келтірмей, жылдам әрі қауіпсіз бақылауды қамтамасыз ету екенін айтты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Төтенше жағдайлар департаменті ықтимал биологиялық қауіпті нысан саналатын “М. Айқымбаев атындағы Шымкент Обаға қарсы стансасы” базасында оқу-жаттығу өткізді

redaktor_qazyr

Елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде миллиардтаған шығындар мен жүйелі кемшіліктер анықталды

admin_qazyr

Трамп Зеленскийдің соққан қоңырауын Илон Маскқа берді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz