Qazyr.kz порталы
Қазір

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақасы 30% өседі

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақасы 30% өседі,- деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтарынан, 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. 2023 жылы қыркүйектің 1-нен бастап
тағы 30 пайызға артады. Осылайша, 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2,5 есеге өседі.

«Мемлекет басшысы қолдауымен жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде.Биыл барлығы 20 мыңнан аса мектепке дейінгі тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Ескертпей,айыппұл салыңдар!» Қарағанды мен Жамбыл облыстарында полицейлердің даулы аудио жазбалары тарады

redaktor_qazyr

Қала әкімі Алматының тозығы жеткен тұрғын үйлерін жаңарту барысымен танысты

admin_qazyr

Шымкентте полицейді белгісіз ер адам пышақтап кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz