Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

Биыл «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына бірқатар өзгеріс енгізілді. Оның ішінде ұлттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері теңестіріліп, басым спорт түрлері қатарына кірді. Қазір елімізде 11 ұлттық спорт түрі дамып келе жатыр. 200 мыңнан астам азамат тоғызқұмалақпен шұғылданады. Ал, жалпы 600 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Олар барлық спортшының 9,6%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық спорт түрінің төртеуі енгізілді: құсбегілік, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ.

«Тоғызқұмалақ спорт түрі  елімізде қарқынды даму үстінде. Алматы қаласында 17-23 қараша аралығында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өткізіледі. І Әлем чемпионаты 2023 жылы Алматы қаласында өткізілген. Республикалық федерация тарапынан үлкен жұмыс жүргізіліп, 2 жылда 1 рет өткізілетін болып бекітілген», – деді спикер.

Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ІІ Әлем чемпионатына 20 елден спортшылар қатысады. І чемпионатта 16 елдің өкілдері бақ сынасқан. Биылғы жарыста классика онлайн/офлайн; рапид пен блиц офлайн өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

admin_qazyr

Алматыда қоғамдық көлікте жүру құны 200 теңге болды

redaktor_qazyr

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ШЫҰ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАСТАР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz