Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

2025 жылы алғаш рет өсім: Ұлттық қор сәуірде оң өзгеріс көрсетті

2025 жылдың сәуір айында Қазақстанның Ұлттық қорының көлемі айтарлықтай өсіп, 33,49 трлн теңгеге жетті. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 606 млрд теңгеге артық. Бұл – 2025 жылғы қаңтардан бері тіркелген алғашқы оң өзгеріс, деп хабарлайды Qazyrkz.

Қордағы өсімді негізінен валютадағы және теңгемен көрсетілген активтер қамтамасыз етті. Атап айтқанда, ең үлкен үлесті валютадағы активтер құрап отыр. Сәуір айының қорытындысы бойынша, олардың көлемі 29,77 трлн теңгеге жетіп, бір ай ішінде 578,7 млрд теңгеге артқан.

Теңгемен сақталған қор да өсім көрсетті, бірақ ол валюта бөлігінен әлдеқайда аз – 27,3 млрд теңгеге ғана ұлғайды.

2024 жылдың басынан бері валюта активтерінің үлесі азайғанымен, олар әлі де Ұлттық қор құрылымында басты орынды алады. 2025 жылдың сәуір айының соңында олардың үлесі 88,89% болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

admin_qazyr

Есентай өзені бойы жаңа демалыс аймағына айналады

admin_qazyr

Си Цзиньпин Астанаға ұшып келді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz