Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

27 маусым күні кешке Алматы қаласының орталығы жартылай жабылады

Қазақстан полициясы күніне арналған «Полиция – Ел қорғаны» фестиваліне байланысты 27 маусым күні сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін Республика сарайына іргелес аумақта көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Шектеулер қолданылады:

Достық даңғылы бойымен – Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін (екі бағытта);

Абай даңғылы бойымен – Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін (екі бағытта).

Фестивальге келген қонақтардың санын ескере отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы реттелмек.

Полиция департаменті жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары технология демонстрациясын, дрон шоуын, қазақстандық жұлдыздардың өнерін және нағыз қауіпсіздік мерекесін тамашалай алады.

Алматы Қазақстан полициясы күні Дрондар шоуы

Ұқсас жаңалықтар

Nege.kz порталына хакерлер шабуыл жасап жатыр

redaktor_qazyr

Былтыр елімізде 1,4 млн адам 958,3 млрд теңге әлеуметтік төлем алды

admin_qazyr

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 5 ҚАБАТТЫ 47 ҮЙ САЛЫНАДЫ

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz