Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Астанада интеллектуалды дрондар патрульдеуді жаңа деңгейге шығарады

Астанада «Sergek» интеллектуалды бейнабақылау жүйесімен жабдықталған дрондарды сынақтан өткізу басталды деп хабарлайды Qazyr.kz

Жаңа технологияны пайдалану полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дрондардан алынған барлық дерек көздеріне бірден полиция қызметкерлерінің планшеттері арқылы қол жеткізуге болады. Бұл тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп, патрульдік қызметтің сапасын көтереді.

Қазіргі таңда Sergek жүйесінің әзірлеушілері, ІІМ және «Қазахтелеком» компаниясы дрондарды әртүрлі бағытта қолдану мүмкіндігін тексеруде. Жоба аясында дрондар жол ережесінің бұзылуын анықтаумен қатар, іздеуде жүрген көліктерді табу, алимент төлемегендер мен берешегі барларды бақылау сынды функцияларды атқарады.

Егер сынақ сәтті өтсе, пилоттық жоба еліміздің басқа өңірлерінде де іске қосылады. ІІМ өкілі Сергей Варгоның айтуынша, бұл бастама құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, алдын алуға да жол ашады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Sergek жүйесін басқару құқығы Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясына берілген болатын. Жаңа оператор жобаны толықтай жаңғыртып, бейнебақылау камераларын талшықты-оптикалық желіге қосып, жасанды интеллект арқылы қаланың қауіпсіздігін арттыруды көздеп отыр. Құны 53 млрд теңгені құрайтын бұл жобаны жеке әріптес толығымен қаржыландырады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық тұрғын,үйінің ауласында арыстан мен жабайы құстарды асырап келген

redaktor_qazyr

Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты

admin_qazyr

Сеулдегі халықаралық туристік көрмеде Алматы ерекше қызығушылық тудырды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz