Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

5 шілдеде Астанада жас әншілер фестивалі өтеді

5-шілдеде Астана күні аясында кәсіби орындаушылар арасында«Аялаған Астана» дарынды балалар фестивалі өтеді.Шара Астана қаласының әкімдігі қолдауымен өткізіледі

«Аялаған Астана» фестивалі – бұл қазақстандық жас орындаушылардың кәсіби тұрғыдан өсуіне әсер етіп ғана қоймайды, сонымен қатар жас таланттардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне мүмкіндік береді, тәжірибе жинақтауына жағдай жасайды.

«Фестивальдің ерекшелігі болашақта еліміздің рухани байлығын әлемге паш ететін жаңа таланттарды табу, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Жас орындаушылардың өнері мереке қарсаңында Астана тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлайды», — деді Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин.

Фестивальге халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары шақырылды. Олардың ішінде Дастан Тұрдалы — Республикалық «Жас қанат» (Қазақстан), Халықаралық «Ататүрік жұлдыздары» (Түркия), Халықаралық «Ұшқын» (Өзбекстан) байқауларының жеңімпазы, Шерхан Арыстан — «Славян базары» (Беларус), «TU ONDA» (Испания) және «FESTIVAL BEAUTIFUL BLUE DANUBE» (Мажарстан) Халықаралық байқауларының Гран-при иегері, Рамин Сатыбалды -«Qazaqstan дауысы. Балалар» (Қазақстан) мега-жобасының финалисті, Юлия Макс – «Салют талантов» (Ресей), «VIVAT Өрнек» және «Somruk Esplanade» (ЮНЕСКО) (Қазақстан) Халықаралық байқауларының 1-дәрежелі лауреаты, Еңлік Байзақ – «Угай» және «Бал таңдай» (Қазақстан) Республикалық байқауларының финалисті, Алинур Хамзин – «Junior Eurovision» (Франция) Халықаралық байқауының қатысушысы және т.б. бар.

Фестивальде жеке орындаушылар және еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен эксклюзивті дуэттер болады. Жас өнерпаздарға Ақтоты Большева, Дастан Оразбеков, Қазыбек Құрайыш, AUKA және Мәди Сыздықов секілді қазақстандық танымал орындаушылар қолдау көрсетеді.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талап мәдениетіміздің жан-жақтылығы мен тыңдарманның қалауын ескере отырып, бірегей ән таңдау және оны ерекше образдармен үйлестіру.

Өтетін орны мен күні: 5-шілдеде Есіл өзені бойындағы Амфитеатр аумағы.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде 1 мамырдан бастап жаңа жол белгілері енгізіледі

redaktor_qazyr

Қазақстандықтарға жалған бос жұмыс орындары ұсынылуда

redaktor_qazyr

Қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу