Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді.Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте өткен жолдауында айтты деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

«Шын мәнінде, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», — деді Тоқаев.

Бұған дейін АЭС салу бойынша өңірлерде жария талқы өткен. Астана мен Алматыдағы қоғамдық тыңдауда халық талқылаудың бір жақты өтіп жатқанын, қарсы пікір білдірушілер мен сарапшыларға сөз берілмегендігін атап өтті. Билік өкілдері АЭС салуды қолдап отыр. Ал экологтар мен сарапшылар АЭС-тің қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Ұқсас жаңалықтар

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

Мемлекеттік білім ордасындағы директорлар неше жылда ротацияланады және не үшін ротациялануы керек?

redaktor_qazyr

Тоқаев қытайлық компанияның директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz