Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясат

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов  тұрғындарды 19 маусым – Қала күнімен құттықтады.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов  тұрғындарды 19 маусым – Қала күнімен құттықтады.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Сіздерді Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Айтулы мерекені биыл қаламыз мегаполис мәртебесін алғалы бесінші жыл атап өтудеміз. Осы уақыт аралығында әлеуетіміз артып, экономикамыз өрістеп, мәдени, рухани байлығымыз кемелденіп, қала келбеті көркеюде. Бұл жетістіктерде әрбіріңіздің үлесіңіз бар! Қаланың даму жолындағы әрқайсысыңыздың  елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!

2200 жылдық тарихы бар қаламыз сындарлы шақтардан өтіп бүгінде еліміздің шоқтығы биік қаласына  айналды.

Ардақты жерлестер!

Қала күні – барша шымкенттіктердің ортақ мерекесі!  Сіздерге денсаулық, әрбіріңіздің шаңырағыңызға  ырыс-ынтымақ тілеймін! Барлық игі бастамаларыңыз табысқа, жаңа биіктер мен шығармашылық жетістіктерге жол ашсын! Қаламыз жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін!»

Ұқсас жаңалықтар

«Таиландтан келген сәлемдеме» Астаналық студент 8 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Түркістанда дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шығарды

redaktor_qazyr

Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz