Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Түркістан облысының Шаян ауылы маңында ірі жол апаты болды

Түркістан облысында ірі жол апатынан 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға түсті.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Жол апаты салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілген. Екі адам медициналық көмектен бас тартқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
Оқиғаның қалай болғаны жайында анықталуда.

Дереккөз:Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар

Астанада жаңа стадион салынады

admin_qazyr

2025 жылы алғаш рет өсім: Ұлттық қор сәуірде оң өзгеріс көрсетті

admin_qazyr

«Оқушысынан кек алған д-шы ағай»Келесте 16 жастағы қыз бен анасын өлтіріп кеткені күдіктінің кім екенін туыстары айтып берді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz