Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті

«Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz -ке сілетеме жасап.

Әріптестерінің айтуынша, Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда байланысқа шыққан. Келіншектің сыныптастары ол Грузияда өлі табылғанын хабарлады. Бұл туралы журналистің әріптесі Назира Дәрімбет әлеуметтік желіде жазды.
«Жанботаның сыныптастарының хабарлауынша, оны 21 мамырда Грузияның Телави қаласында өлтіріп кеткен!!! Сұмдық! Бұған сене алар емеспін», — деп жазды Дәрімбет.
Жазбаның астында Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжат қоса жарияланған. Ол мәйітті тапсыру үшін Жанботаның туыстарын табу мақсатында сыртқы істер министрлігіне жүгінген.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратты қаза тапқан журналистің ағасы Ерболат Алтайұлы растады. Ол Жанботаны 2 маусым күні Қоянды ауылында жер қойнына тапсырғандарын жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Төреғали Төрәлі референдумға қатысып, үлгі көрсетті

admin_qazyr

Ақтөбе облысында оқушыларды тегін тамақпен және тасымалдаумен қамту жұмыстары күшейтілді

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz