Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Жазушы Қали Сәрсенбай жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады

референдум

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал жазушы әрі қоғам қайраткері Қали Сәрсенбай бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы референдум учаскесінде дауыс берді.

Ол бұл күннің маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамай, белсенді қатысуы керектігін атап өтті.

– Референдум бұл жай ғана дауыс беру емес, халықтың өз болашағын айқындау жолындағы тарихи таңдау жасауы. Мұндай жауапты сәтте әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, ел дамуына үлесін қосқаны маңызды. Әрбір азаматтың дауысы – мемлекеттің ертеңгі күнін айқындайтын маңызды қадам, – деді Қали Сәрсенбай.

Жазушы референдумға қатысу арқылы азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, қоғамдағы маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуды әрбір қазақстандықтың міндеті деп санайтынын білдірді.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап 653 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындары бұл шараға белсенді қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік танытуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қамаудағы тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрімнің сотына бара жатырған блогерді қамауға алды

Redaktor Site

Арыстық ақсақал мен немересі Республикалық «Батагөй» байқауынан жүлдемен оралды

redaktor_qazyr

Монтайтастағы 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz