Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды

«Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды»-деп хабарлайды Qazyr.kz Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

23 маусымда Абай АПБ-ның 102 арнасына кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әкесінің айтуынша, сағат 13:00 шамасында бала ағасымен бірге достарымен ойнауға аулаға шығып, біраз уақыттан кейін үлкені үйіне жалғыз оралған.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін ескере отырып, оны іздеуге Шымкент қаласы полиция департаменті бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылды. Баланың жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын бағдарлар барлық аудандық полиция басқармаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Тәртіп сақшылары көршілерінен сұрап, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік экипаждары мен жаяу патрульдер еріктілермен бірге жоғалған бала болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді.

Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 арнасына қайырымды азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсас 2 баланы кездестіргенін жеткізді.

Балалар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен тапсырылды.Ал екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

«Тұз бен қант мөлшері азайтылады»Мектеп асханаларындағы мәзірлерге өзгерістер енгізілмек

redaktor_qazyr

Автобустан құлаған тұрғын 13 млн теңге өндіріп алды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz