Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты

  • Шымкентте қараусыз қалған ғимараттан өрт шықты деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz -ке сілтеме жасап.

«Оқиға 23ші Маусым күні кешкі уақытта болған,оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері, жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайтын қараусыз қалған ғимаратты анықтады,ғимаратта шатыры және 2-ші қабатында 200 шаршы метрді құрайтын өрт орын алған.
Өрт 21:45-те оқшауланып, 22:10-да толығымен сөндірілді», — деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 26 қызметкері және 7 бірдей техникасы, ТЖК филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Coventry University инженерлік кампусы ашылады

admin_qazyr

Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі

admin_qazyr

Таразда бас онколог пара алғаны үшін айыппұлмен жазаланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz