Гаити еліндегі балшықтан әзірленетін шелпектер.
Гаитиде ерекше тағамның бірі, балшық шелпектер. Ел тұрғындарының көпшілігі үшін,балшықтан жасалған шелпектер ас мәзіріндегі негізгі тағамның бір бөлігін құрайды. Бұл тағам дәмді емес, нашар шайналады және тіпті денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
-Неліктен Гаитилықтар балшықтан жасалған шелпектерді үнемі жейді?
— Гаитидегі өмір қалай?
Гаити Батыс жарты шарындағы ең кедей ел болып саналады. Гаити тұрғындарының жартысынан көбі, күніне 2 доллардан артық ақша жұмсай алмайды.Сондықтан көпшілігі дұрыс тамақтанбайды.Жыл сайын Гаитиде азық-түлік бағасы көтерілуде, тұрғындардың көп бөлігі балшықтан басқа ештеңе сатып ала алмайды.Елде кедейлік белсенді түрде өркендеп келеді, жергілікті тұрғындар үшін аштықтан құтылудың жалғыз жолы «балшықтан жасалған шелпек».