Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген ер адам анықталды, – деп хабарлайды Qazyr.kz.
Түркістан қаласының тұрғыны, өз үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі, 68 балаға 100 мың теңгеге сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізіп келген. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде,Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, заңсыз 68 балаға діни сабақ берген ер адамды анықтады.
Сондай-ақ,заңсыз діни сабақ алған оқушылар Түркістан қаласынан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды. Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркілген.
Фото:Polisia kz
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.