Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратҚоғам

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

«Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?»,бұл сұрақ бұрынғы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов өз парақшасында пікір қалдырды,-дейді Qazyr.kz ақпарат агенттігінің тілшісі 

Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын.

Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары

тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншыдан, «gap year «алып бір жыл дайындалып қайтадан ҰБТ тапсырып грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, біраздан кейін әрі қарай ЖООға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі әлі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылының тұрғыны «Changan» маркалы автокөлікті ұтып алды

redaktor_qazyr

Қайрат Нұртастың анасы қамаудағы ұлы туралы айтты

redaktor_qazyr

Әңгіме: Бұрынғы жігітіммен көңілдес болдым

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты